
Боксшы қыз Сербияда 63 келіде чемпион атанған
Бокстан Сербияда өткен әлем чемпионатында топ жарған Аила Әбікееваға Қарағанды облыстық бокс федерациясы жеңіл көлік мінгізді. Бұл туралы өңірдегі федерация тарапы мәлімдеді.
«Қарағанды облысының бокс федерациясы атынан Камалутин Халиков әлем чемпионы Аида Әбікееваға тамаша сыйлық – жаңа автокөлік табыстады. Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат. Аиданың бұл жетістігіне шын жүректен қуанып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз. Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізде болса, наурыз айында Сербияның Ниш қаласында 63 келіде чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, боксшы әлем чемпионы ретінде ІВА-дан 100 мың АҚШ долларын алды. Бұдан бөлек, еліміздің бокс федерациясы боксшыға 100 мың доллар сыйақы беретінін хабарлады.