Сергей Ковалев Өзбекстанға қоныс аударуының себебін атады

14.04.2025, 21:03

Ковалев соңғы рет 2024 жылы швед Робин Сафармен кездескен

Сергей Ковалев Өзбекстанға қоныс аударуының себебін атады
Getty images

Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы, танымал ресейлік боксшы Сергей Ковалев соңғы уақытта неліктен Өзбекстанда тұрып жатқанын түсіндірді.

«Мен ең алдымен өз мамандығыма қолайлы жерде тұрамын. Себебі мұнда (Өзбекстанда) бокс өте жоғары деңгейде дамыған. Меніңше, өзбектердің ұлттық құрамасы өте мықты. Жаттығу кезінде бірге жұмыс істейтін мықты қарсыластар жеткілікті, соның ішінде солақай боксшылар да көп. Кейде солақай қарсылас таба алмай қиналасың. Ал мұнда әртүрлі стильдегі боксшылар бар», - дейді Ковалев «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Ковалев келесі жекпе-жегін 18 сәуір күні Челябідегі «WINLINE. IBA PRO 2» бокс кешінде Артур Маннға қарсы өткізеді.

Ковалев соңғы рет 2024 жылдың мамыр айында швед Робин Сафармен кездесіп, төрешілер жеңісті қарсыласына берген. Ол кәсіби мансабында 35 рет жеңіске жетіп (29 нокаутпен), бес жеңіліс тапса, тағы бір рет тең түскен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам