«Қазақ королі» WBC рейтингінде сегіз сатыға жоғарылады

15.04.2025, 12:05

Заурбек 28-орыннан бірден 16-орынға көтерілді

«Қазақ королі» WBC рейтингінде сегіз сатыға жоғарылады
Steve Welsh/PA Images via Getty Images

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО) WBC нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады.

Жаңартылған рейтинг кестесінде «Қазақ королі» деген лақап атымен танылған Заурбек 28-орыннан бірден 16-орынға көтерілді.

Естеріңізде болса, 5 сәуір күні Астанада өткен жекпе-жекте Сұлтан Заурбек төрешілер шешімімен Оңтүстік Африка өкілі Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақтағы IBF Inter-Continental белбеуін иеленген.

Бұл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша қазіргі әлем чемпионы – америкалық О’Шаки Фостер. Ал үш үздік үміткер қатарында мексикалық Эдуардо Эрнандес, филиппиндік Марк Магсайо және тәжікстандық Мұхаммадхуджа Якубов бар.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам