Дусматовтар қатысқан жарыста Сәкен Бибосынов чемпион атанды

Бүгін, 13:39

Сәкен осы жарыста 54 келіде жұдырықтасты

Дусматовтар қатысқан жарыста Сәкен Бибосынов чемпион атанды
ҰОК

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Коротков атындағы турнирде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов топ жарды.

Отандасымыз шешуші кезеңде ресейлік Денис Палшинмен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Бибосыновты жеңімпаз деп таныды. Ол турнир чемпионы атанса, Палшин күміс жүлдеге ие болды.

Сәкен осы жарыста 54 келіде жұдырықтасты.

Еске салайық, жартылай финалда 2021 жылғы әлем чемпионы, 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың інісі өзбекстандық Фарозбек Дусматовты 5:0 есебімен сенімді жеңген болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам