Нұрлан Сапарбай ресейлік боксшыны айқын басымдықпен жеңді

19.04.2025, 16:51

Нұрлан Сапарбай былтыр Қазақстан чемпионы атанған

Нұрлан Сапарбай ресейлік боксшыны айқын басымдықпен жеңді
ҚБФ

Хабаровскі қаласында (Ресей) өткен Константин Коротковты еске алуға арналған турнирде соңғы финалдық жекпе-жек өтті.

92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қазақстан мен Ресей спортшылары Нұрлан Сапарбай мен Орудж Мамедов кездесті. Үш раундқа созылған тартысты кездесудің қорытындысында Сапарбай жеңімпаз атанып, алтын медаль еншіледі. Ал Мамедов күміспен шектелді.

Айта кету керек, Нұрлан Сапарбай былтыр Қазақстан чемпионы атанған. Сол финалда Нұрлан өзінің туған ағасы Даниялмен кездесуі тиіс болған, алайда Даниял жекпе-жектен бас тартқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам