«Ол жаққа керек емес». Данияр Елеусіновтің жаңа келісімшарты туралы айтылды

25.04.2025, 11:19

Данияр соңғы жекпе-жегінде филиппиндік Джо Нойнайды жеңді

«Ол жаққа керек емес». Данияр Елеусіновтің жаңа келісімшарты туралы айтылды
Әлеуметтік желі

Америкалық агент әрі инсайдер Рик Глейзер қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің Дана Уайт пен Турки әл Аш-Шейх ашып жатқан TKO Boxing промоушніне қосылуына қатысты пікір білдірді.

«Данияр Елеусінов ол жаққа керек емес. Дана Уайт тек Олимпиада жүлдегері әрі жеңілмеген боксшы ретінде ғана назар аударды. UFC басшысы бокс нарығын да байқап көрмек», - дейді  Глейзер Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, 13 наурызда  2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов UFC басшысы Дана Уайтпен келісімшартқа қол қойды.

Данияр соңғы жекпе-жегін өткен жылы 28 қыркүйекте Алматыда филиппиндік Джо Нойнайға (23-4-2, 11 КО) қарсы өткізіп, 5-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам