
Жәнібектің әлеуметтік желідегі жазбаларын өзі жазбайды деген пікір айтылды
АҚШ-тың танымал телепродюсері әрі телевидение кеңесшісі Марк Ортега (FOX және PBC арналарының бұрынғы қызметкері) орта салмақтағы IBF/WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желілердегі парақшаларын жүргізу стилін сынады.
Ортега бұл пікірін «Қазақ стилінің» WBC нұсқасы бойынша чемпион Карлос Адаместі «жойып жіберемін», «зейнетке шығарамын» деген мазмұндағы жазбасына байланысты білдірген.
Көпшілік Жәнібектің әлеуметтік желідегі жазбаларын өзі емес, команда мүшелері жүргізіп отырғанын алға тартуда. Ал Ортеганың пікірінше, чемпионның SMM-маманы өз жұмысын тиісті деңгейде атқара алмай жүр:
«Жәнібек Әлімханұлының аккаунтын кім жүргізіп отырса да, ол өзінің боксшы болу туралы арманын тықпалап әлек. Мұндайды көру көңіл қынжылтады», – деп жазды Марк.
Айта кетейік, Жәнібек Алимханұлы Карлос Адамеске бағытталған медиа шабуылы барысында оған испан тілінде де хабарлама жолдаған болатын.