Геннадий Головкин Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті

26.04.2025, 00:03

Бұған дейін GGG Жәнібек Әлімханұлымен кездескен еді

Геннадий Головкин Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті
ҰОК баспасөз қызметі

ҰОК басшысы, даңқты боксшы Геннадий Головкин орта салмақта әлем чемпионы атағына үміткер Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті.

Айта кетейік, жуырда WBC ұйымы Мейірімді чемпиондық атаққа міндетті үміткерлердің қатарына қосқан болатын. Қазір бұл белбеу доминикалық Карлос Адамеске тиесілі.

WBC Адамеске 6 мамырға дейін Нұрсұлтановпен жекпе-жек туралы келісуге міндеттеме қойды. Дегенмен, чемпиондар өзге чемпиондармен кездесетін болса, онда бокс ұйымдары чемпиондарға міндетті үміткерлермен жекпе-жекті кейінге шегеруге рұқсат береді.

Бұған дейін WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Адамеспен келіссөздер жүргізіп жатқанын растаған. Сәуір айында Астанада өткен айқас алдында Әлімханұлы Нұрсұлтанов әлем чемпионы атанса, онымен кездесуге дайын екенін айтқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам