Александр Усик карьерасын неге аяқтамағанын түсіндірді

02.05.2025, 12:57

Боксшы 19 шілдеде британдық Даниэль Дюбуамен кездеседі

Александр Усик карьерасын неге аяқтамағанын түсіндірді
REUTERS / Andrew Couldridge

Ауыр салмақтағы украиналық боксшы, бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Александр Усик спорттан кетпеуіне не себеп болғанын айтып берді. Бұл туралы ол talkSPORT Boxing порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Журналистер Усикке Тайсон Фьюримен өткен екінші жекпе-жектен кейін неге зейнетке кетпегенін сұрады. Бұған дейін көптеген сарапшылар мен жанкүйерлер дәл осы реванштан кейін боксшының карьерасын аяқтайтынына сенімді болған.

«Фьюримен өткен екінші кездесуден кейін мен командаммен жиналыс өткіздім. Сол кезде оларға: «Тыңдаңдар, мен карьерамды жалғастыра аламын» дедім. Дәрігерім, физикалық дайындық бойынша жаттықтырушым, бокс бапкерім – барлығы менің денем әлі де жақсы жұмыс істеп тұрғанын айтты. Олар: «Сенің әлі де мүмкіндігің бар. Бұл енді сенің ішкі қалауыңа байланысты», – деді. Сол сәтте мен: «Мен карьерамды жалғастырғым келеді» деп шештім», – деді Усик.

Айта кетейік, Александр Усик пен британдық Даниэль Дюбуа арасында матч-реванш 19 шілдеде Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтетіні ресми түрде айтылды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам