Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Шымбергеновке шанс беру керек»: Виктор Демьяненко Елеусіновтің «оралуына» қатысты пікір білдірді

09.01.2024, 23:24

Лицензиялық жарыс ақпан-наурыз айларында Италияда өтеді

«Шымбергеновке шанс беру керек»: Виктор Демьяненко Елеусіновтің «оралуына» қатысты пікір білдірді
olympic.kz

Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіпқойдан әуесқой боксқа қайта оралуы мүмкін деген сыбыс пайда болғаны сол екен, бокс жанкүйерлері мен осы спорттың төңірегінде жүрген мамандар ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновке алаңдай бастады. Өйткені, екі боксшы да 71 келіде өнер көрсетеді.

Vesti.kz порталына пікір білдірген бокс ардагері – Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко Шымбергеновке қиянат жасалмау керек деп есептейді.

Есте болса, 2021 жылы Токио олимпиадасына 69 келіде Асланбектің орнына Абылайхан Жүсіпов барған еді. Ол жарыстың бірінші айналымынан аса алмай елге қайтты.

30 жастан асқан Асланбектің Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліп, Олимпиада жолдамасын ала алмаған еді. Енді оған тағы бір мүмкіндік берілу керек дейді Демьяненко.

«Шымбергенов – команда капитаны және өте тәжірибелі боксшы. Оны командадағы жігіттер сыйлады, құрметтейді. Желтоқсанда Астанадағы турнирде құлап қалғаны үшін сөгуге болмайды. Өйткені, ол жекпе-жектер әуесқой бокс ережесімен өткен жоқ, боксшыларымыз үш емес, алты раунд жұдырықтасты. Бәлкім дайындығы да дұрыс болмаған шығар. Сондықтан, Асланбекке шанс тағы берілуі керек, ол Олимпиадаға баруға лайықты боксшы екенін бәріне дәлелдеуі тиіс», - деді бокс ардагері.

Ал, Қазақстан бокс федерациясы А.Шымбергеновтің 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық жарысқа қатысатынын растады. Яғни, капитанға тағы бір мүмкіндік беріледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам