Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Айтжановтың ұлттық құрамадан кетуіне көрші ел мүдделі – спорт журналисі шындығын айтты

15.10.2023, 21:21

Оның пікірінше, бас бапкер қазір ауыспауы керек

Айтжановтың ұлттық құрамадан кетуіне көрші ел мүдделі – спорт журналисі шындығын айтты
Фото olympic.kz

Қытайда өткен Азия ойындарында қазақ боксшылары алтынсыз оралды. Осыдан соң қоғам қазақ боксы «нокаут» алды деп қынжылды. Бас бапкер Мырзағали Айтжановты орнынан босату керек деген пікірлер де көбейді. Азия ойындарында Ұлттық құраманың қасында болған спорт журналисі Аслан Қаженов те шет қалмай бас бапкерді құрамадан аластауға  қатысты «Қасқа жол» YouTube каналында өз ойымен бөлісті.

«Айтжанов қызметінен кетсін деп бәрі айтып жатыр. Өйткені мынау бокс болмайды, балалардың бәрі шаршаған... Бірақ, бізде қазір Айтжановтан басқа адам жоқ, біріншіден. Бұл кісі енді боксшыларды Парижге апаруы керек. Оған өте аз уақыт қалды. Екіншіден, бұл іріткі. Оған көзім жетті. Оны салып отырған жаңа өзіміз айтып отырған көрші елдің өкілдері. Мен оны кәдімгі атлеттер қалашығында естідім. Қазақстаннан Айтжанов кететін болса, қазақ боксы бітеді. Не істеу керек ол үшін, Айтжановты алу керек. Алу үшін не істеу керек? Отты ішке лақтыру керек, өздері талап етсін, алып тастасын деп. Өздері қырылсын бір-бірімен деп.  Сосын енді менде бір ақпарат бар. Бейресми. Ол кісіге шетелден ұсыныстар көп. Өзіне де және біздің ұлттық құрама боксшыларына да. Азаматтық ауыстырыңдар, міне, ақшаларың дайын, келіңдер, өнер көрсетіңдер деп жатыр... Ертең қолда бардан айырылып қалмаймыз ба деп қорқасың», - дейді журналист.

Қаженовтың сөзінше, қазақ боксын құрту мақсатында Мырзағали Айтжановқа қарсы ақпараттық соғыс та жүріп жатыр.

«Қазақ боксын құрту көп елге тиімді. Бұл біздің ішіміздегі жауларға да керек. Қазір енді Айтжановқа қатысты: Сәкенді сүйрейді, Санжарға неге орын бермейді деп айтып жатыр. Санжар расымен де лайықты болса, дайындалсын. Осы 1 айдан кейін спартакиада болады, дәлелдесін, мүмкіндік беріп жатыр. Келіңдер де, дәлелдеңдер», - деп сөзін түйді А.Каженов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам