Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Ардагер боксшы Қанат Ислам Тоқаевтан көмек сұрады

16.10.2023, 07:41

Ол Тәуелсіздік күні қарсаңында шаршы алаңға шығады

Ардагер боксшы Қанат Ислам Тоқаевтан көмек сұрады
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, видеоүндеу жариялады.

Танымал спортшы Қазақстанда кәсіпқой бокс кештерін ұйымдастырумен айналысып келген Qazaq promotion компаниясының жұмысы тұралап қалғанын айтады. 

«Компания 2016 жылдан бері бокс кештерін өткізіп келеді. Тұңғыш жекпе-жегін Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахметов, Айдос Ербосынұлы секілді қазақтың мықты жігіттері өткізді. Алайда, 2019-2020 жылдардан бері елімізде түрлі себептермен кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыра алмай келеміз. 3-4 ай бұрын осы мәселе бойынша өзіңізден көмек сұрап хат жаздық. Бірақ, жауап ала алмай отырмыз. Желтоқсанның 16-на Астанада өзім секілді қазақтың он жігіті жекпе-жек өткізуге дайындалып отырмыз. Сол бокс кешінің ойдағыдай өтуіне және әр 2-3 ай сайын елімізде осындай шараның өтіп отыруына өзіңізден көмек сұраймыз», - деді боксшы өзінің видеоүндеуінде.

Қанат Ислам кәсіпқой бокста 29 жекпе-жек өткізіп, соның 28-де жеңіске жеткен. Бір рет жеңілген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам