
Қазақтың боксшы қыздары командалық есепте бірінші орын иеленді
Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Моңғолия қазағы Ержан Мөлдір күміс жүлдегер атанды.
70 келіде өнер көрсеткен қандасымыз финалда Қазақстан боксшысы Бақтық Сейдішпен жұдырықтасқан болатын. Тартысты өткен жекпе-жекте Бақтық бір бас жоғары өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Ал, Мөлдір екінші орын еленді.
Осылайша Мөлдір Ержан бокстан Моңғолиядағы қазақ қыздарының арасынан шыққан Азия чемпионатының алғашқы жүлдегері атанып отыр. Бұған дейін ол ел чемпионатында күміс және қола жүлде жеңіп алған.
Айта кету керек, Мөлдірдің бапкері де Моңғолия қазағы Асқар Нұрлан. Ол – халықаралық дәрежедегі спорт шебері.