Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқанұлы Қытайдың үздік спортшысы атанды

11.01.2024, 17:35

Ол төрт жыл қатарынан Қытай чемпионатын жеңіп, Токио олимпиадасына қатысты

Қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқанұлы Қытайдың үздік спортшысы атанды
weixin.qq.com

Бокстан Азия ойындарының жеңімазы атанған Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанұлы елдегі үздік спортшылар қатарына енді.

Ханчжоуда өткен ХІХ Азия ойындары және IV Азия пара ойындарындағы үздік топтар мен ең үздік спортшылардың тізімін жариялаған Қытайдың Мемлекеттік спорт және дене шынықтыру бас басқармасының кадрлар комитеті қандасымыздың кіл мықтылардың бірі ретінде марапаттады.

«Орталық халық радиосының» жазуынша, Ханчжоуда былтыр жалауы желбіреген ХІХ Азия ойындары және IV Азия пара ойындарындағы 96 топ және 144 жеке азамат үздік спортшы ретінде танылып отыр. 

Өткен жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанып, күзде Азия ойындарында топ жарған Тоқтарбек Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды. 

Ол Токио олимпиадасының қатысушысы.

Тоқтарбек Таңатқанұлы Қытайдың Алтай аймағында 1996 жылы дүниеге келген. Ал 2017 жылы ол үздік нәтиже көрсетіп, Қытай ұлттық құрамасының мүшесі атанды. Ол 2017, 2019, 2020 және 2021 жылдары ҚХР чемпионатын жеңіп алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам