Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қазақстаннан шыққан боксшы WBO рейтингінде үздік үштікке кірді

27.05.2025, 09:39

Роман Фресс 17 мамырда неміс боксшысы Михаэль Зайтцті жеңген

Қазақстаннан шыққан боксшы WBO рейтингінде үздік үштікке кірді
Sportх.kz

Германияда тұратын қазақстандық Роман Фресс (23-1, 13 KO) WBO тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы Inter-Continental белбеуін жеңіп алып, ұйым рейтингінде үздік үштікке енді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

17 мамыр күні Магдебург қаласында өткен жекпе-жекте Фресс неміс боксшысы Михаэль Зайтцті (13-2, 11 KO) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, WBO ұйымының вакантты белбеуін иеленді.

Аталған жеңістен кейін Роман рейтингте алтыншы орыннан екінші орынға көтерілді. Қазіргі таңда ол тек британдық Крис Биллам-Смиттен (21-2, 13 KO) кейінгі орында тұр. Ал WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы мексикалық Хильберто Рамиреске (47-1, 30 KO) тиесілі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам