Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Төрехан Сабырхан филиппиндік боксшыны нокдаунмен жеңіп, жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

26.05.2025, 21:22

Ширек финалда үш боксшымыз жеңіліп қалды

Төрехан Сабырхан филиппиндік боксшыны нокдаунмен жеңіп, жартылай финалға шықты (ВИДЕО)
Қазақстан бокс федерациясы

Тайландта әуесқой бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан (70кг) кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Ширек финалда ол филиппиндік Чавез Роналдты еш қиындықсыз жарыс жолынан шығарды.

Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдықты өз қолына алып, ойын тағдырын шешіп тастады. Ал, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Бұдан бөлек, ширек финалда Оразбек Асылқұлов (60кг) таи боксшысына есе жіберді. Аса ауыр салмақтағы Даниял Сапарбай да жарысты ерте аяқтады. Ал, қыздар арасында ел намысын қорғаған 

Назерке Серік (65кг) жергілікті боксшыдан жеңіліп қалды.

Сонымен қатар ерлер арасынан Нұрсұлтан Алтынбек (55кг), Тимур Нұрсейт (75кг), Нұрзат Оңғаров (50кг) және Данияр Рахымбердиев (90кг) келесі айналымға шықты. Қыздар арасынан шаршы алаңға шыққан Виктория Графеева (60кг) мен Гүлназ Бурибаева да (48кг) жартылай финалда өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам