Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Риода жүлдегер атанған Ресей боксшысы қамауға алынды

12.01.2024, 12:09

Оның нақты кімді бопсалағаны әзірге айтылмады

Риода жүлдегер атанған Ресей боксшысы қамауға алынды
скрин VK

Бокстан Рио олимпиадасының қола жүлдегері Владимир Никитин ақша бопсалағаны үшін Ресей құрамындағы Коми Республикасында қолға түсті.

Белгілі спортшыға 300 мың рубль көлемінде ақша бопсалады деген айып тағылып, бірден қамауға алынды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып жатқаны белгілі.

Никитин 56 келіде әуесқой бокстан бірнеше жарыста жүлде алды. Ол 2012 жылы Минск қаласында өткен Еуропа біріншілігінде қола медаль иеленсе, сол жылы Алматыда ұйымдастырылған әлем чемпионатында үшінші орын алды. Ал, Риода ол өз салмағында қола медальға қол жеткізді. Алайда, оның жүлде алуы өте үлкен шулы оқиғаға ұласқан еді. Ширек финалда әлем чемпионы Майкл Конланмен жұдырықтасқан ол төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Дегенмен, жанкүйерлер бұл шешімге наразылық білдіріп, тіпті қарсыласы төрешілерді балағаттаған болатын. Ол жартылай финалда жарақатына байланысты шаршы алаңға шыққан жоқ.

Кейін кәсіпқой боксқа бет бұрған Никитин 7 жекпе-жек өткізіп, 1 рет жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам