Ресейлік Артур Бетербиев британдық Каллум Смитті техникалық нокаутпен жеңді

14.01.2024, 12:19

Енді ол Дмитрий Биволмен абсолютті чемпион атағы үшін жұдырықтасуы тиіс

Канаданың Квебек қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін ресейлік Артур Бетербиев (20-0, 20 КО) пен британдық боксшы Каллум Смит (29-2, 21 КО) арасында өрбіді.

12 раундқа жоспарланған кездесу жетінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Бетербиев қарсыласын екі рет нокдаунға жібергеннен кейін, Смиттің бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан.

Осылайша ресейлік боксшы өзіне тиесілі WBC, IBF және WBO чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады. Енді ол өз жерлесі Дмитрий Биволмен (22-0, 11 КО) абсолютті чемпион атағы үшін жұдырықтасуы тиіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?