Тағы бір бокс аңызы өмірден өтті

02.06.2025, 12:27

Маккалум — әуесқой бокстан шыққан атақты спортшылардың бірі

Тағы бір бокс аңызы өмірден өтті
© Getty Images / Ethan Miller

Атақты ямайкалық чемпион, соңғы жылдары бапкер болып қызмет атқарған боксшы Майк Маккалум өмірден өтті.

BoxingScene мәліметінше, бапкердің дәм-тұзы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында сенбі күні үзілген. Ол спортзалда жаттығуға бара жатқанда өзін жайсыз сезінген. Осылайша, 68 жасында жарық дүниемен қош айтысты.

Маккалум — әуесқой бокстан шыққан атақты спортшылардың бірі. Ал кәсіпқой бокстағы мансабының үшінші жылында WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуді Шон Мэннионнан тартып алып, Ямайка тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанды. Ол бұл атақты алты рет сәтті қорғады.

Джулиан Джексонға алғашқы жеңілісті салып, Дональд Карриді нокаутқа түсірді. Кейін мансабын орта салмақта жалғастырды. Екінші мүмкіндігінде чемпиондық белбеуге қол жеткізіп, үш рет қорғап шықты (соның ішінде Стив Коллинске алғашқы жеңіліс әкелді).

IBF белбеуін Джеймс Тониден тартып алуға екі рет талпынды. Бірақ болмады. Біреуі тең, біреуі жеңіліспен аяқталды. Роберто Дюран, Шугар Рэй Леонард және Томми Хирнспен жекпе-жек өткізуді армандаған. Алайда бұл кездесулер жүзеге аспады, себебі ол сол кездегі «дивизионның қорқыныштысы" саналатын (өте қауіпті, бірақ нарықтық құны төмен қарсылас).

Сондай-ақ жартылай ауыр салмақта да чемпион атанып, бір мәрте титулын қорғады. Мансабын Рой Джонстан және Тонимен өткен трилогиядағы жеңілістен кейін аяқтады.

Кәсіпқой рингтегі рекорды: 49 жеңіс, 5 жеңіліс, 1 тең — 36 нокаут. Ешқашан мерзімінен бұрын жеңілмеген. 2003 жылы Халықаралық бокс даңқ залына енгізілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам