Махмұд Сабырхан бастаған боксшыларымыз Нидерландтағы турнирге қатысады

05.06.2025, 11:08

Ұлттық құрамадан 10 боксшы ел намысын қорғайды

Махмұд Сабырхан бастаған боксшыларымыз Нидерландтағы турнирге қатысады
ҰОК

6-9 маусым аралығында Эйндховенде (Нидерланд) бокстан халықаралық турнир өтеді.

Бұл турнирде еліміздің атынан Махмұд Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов бастаған 10 боксшы ел намысын қорғайды.

Eindhoven Box Cup турниріне қатысатын боксшылар:

50 келі. Даниял Сәбит

55 келі. Махмұд Сабырхан

60 келі. Ерхан Тұрдан

65 келі. Ертуған Зейнуллин

70 келі. Абылайхан Жүсіпов

75 келі. Сабыржан Аққалықов

80 келі. Ерасыл Жақпеков

85 келі. Дәулет Тілемісов

90 келі. Сағындық Тоғамбай

+90 келі. Нұрлан Сапарбай

Бұған дейін Тайландта өткен турнирде ерлер құрамасы 2 алтын, 5 қола жүлдеге ие болды. Ал әйелдер құрамасы 3 алтын, 2 күміс жүлдеге қол жеткізген. Осылайша жалпы командалық есепте Өзбекстанға жол беріп, 2-орынға тұрақтаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам