Кубалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

04.06.2025, 19:44

Йоэнли Эрнандес отандасымыздың деңгейі жоғары екенін атап өтті

Кубалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
boxingscene.com

Орта салмақта өнер көрсететін кубалық кәсіпқой боксшы Йоэнли Эрнандес (8-0, 7 KO) WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жұдырықтасуға ниетті. Бұл туралы BrunchBoxing.com хабарлады.

Эрнандес бұл мәлімдемесін 31 мамыр күні Лас-Вегаста өткен жекпе-жектен кейін жасады. Ол сол кеште америкалық Кайрон Дэвисті (19-4-1, 6 KO) сенімді түрде жеңді.

«Қазіргі чемпиондардың ішінде WBO және IBF белбеулерінің иегері Әлімханұлы — мінсіз қарсылас. Ол деңгейі жоғары боксшы әрі онымен рингке шығуға кез келгеннің батылы жете бермейді», — деп жазады басылым.

BrunchBoxing Эрнандестің мүмкіндіктеріне де жоғары баға берген. Оны кубалық бокстың жаңа буынының жарқын өкілі деп атаған. Бұл толқын агрессиясымен, жойқын соққымен және сенімділігімен ерекшеленетіні де айтылған. Сарапшылар Эрнандестің стиліне қарап орта салмақтағы нағыз қауіпті қарсыластардың бірі деп санайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам