
Спортшы Трампты бір апта бойы өз үйінде қонақ етіп күтуге дайын екенін айтты
Украиналық танымал боксшы Александр Усик CNN Sports-қа берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трампты Киевке шақырып, оған Ресейдің зымыран шабуылдарын өз көзімен көруді ұсынды.
Спортшы Трампты бір апта бойы өз үйінде қонақ етіп күтіп, толық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге дайын екенін де мәлімдеді.
«Ол бұл соғысты бір күнде немесе бір айда тоқтатамын деді. Бірақ өз сөзіне жауап бермеді», – деді Усик.
Осыған байланысты боксшы Трампқа Украинаға келіп, жағдайды өз көзімен көруді ұсынды. Усиктің сөзінше, Трамп украин халқының шынайы өмірімен танысуы керек.
«Өз үйімді ұсынуға дайынмын. Келсін. Үйімді де, оққағарларымды да беремін. Толық қауіпсіздігін қамтамасыз етемін. Бір күнге емес, бір аптаға келсін. Ешкім білмейтіндей құпия түрде келсін», – деді Усик.