Қазақстандық боксшы Нидерландтағы турнир жеңімпазы атанды

09.06.2025, 19:02

Даниял Сәбит бельгиялық Редуан Ассаиден басым түсті

Қазақстандық боксшы Нидерландтағы турнир жеңімпазы атанды
ҰОК

Қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде топ жарды.

50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Eindhoven Box Cup турнирінде қарсылас шақ келтірмеді.

Даниял Сәбит финалда моңғолиялық Баттулга Алдархишигті төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.

Аталған жарыстың жартылай финалында Сәбит бельгиялық Редуан Ассаиден басым түсті.

Даниял - 2024 жылы Қарағандыда өткен ел біріншілігінің жеңімпазы, 2025 жылғы «Странджа кубогының» және 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам