«Бекзат ағама құран оқып шықтым»: Сәрсекбаев Саттархановтың үйіне барды

11.06.2025, 09:33

Бақыт Сәрсекбаев Түркістандағы Бекзат Саттархановтың отбасына барған

«Бекзат ағама құран оқып шықтым»: Сәрсекбаев Саттархановтың үйіне барды
Видеодан кадр

Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, бүгінде бапкерлікпен айналысып жүрген Бақыт Сәрсекбаев Түркістан қаласына арнайы ат басын бұрып, марқұм Бекзат Саттархановтың отбасына барды.

«Ассалаумағалейкум, ағайын! Түркістан облысында Алатау базасында оқу-жаттығу жиындарындамыз. Кеше Түркістан қаласына соғып, бауырым, ағам Бекзат Саттархановтың атындағы спорт кешенін аралап көріп, Сырлыкүл анамызға сәлем беріп, Бекзат ағама құран оқып шықтым», – деп жазды Бақыт Сәрсекбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Бекзат Саттарханов – 2000 жылы Сидней Олимпиадасында алтыннан алқа таққан қазақ боксының жарық жұлдызы. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 47
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам