
Ол мысырлық қарсыласы Айя Рамаданды нокаутқа түсірді
Қазақстанның ең сұлу кәсіпқой боксшысы атанған Балауса Мұздыман WBA рейтингінде өз позициясын жақсартты.
6 маусым күні Алматыда өткен жекпе-жекте Балауса Мұздыман мысырлық қарсыласы Айя Рамаданды нокаутқа түсіріп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Бұл жекпе-жектен кейін Балауса Мұздыман WBA рейтингінде 9-орыннан 4-орынға көтерілді.
Айта кетейік, Балауса Мұздыман мансабында 8 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, оның 6-да накаутпен жеңген.