Спортшы немістің әйгілі Mercedes-Benz брендіне тиесілі EQE 300 4Matic үлгісіндегі люкс көлік алған
Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай қуанышты жаңалығымен бөлісті.
Қазақстан бокс құрамасының көшбасшысы өзінің жаңа көлігімен түскен суретін Instagram парақшасында жариялады. Фотодан немістің әйгілі Mercedes-Benz брендіне тиесілі EQE 300 4Matic үлгісіндегі люкс көлік екенін байқауға болады. Қазақстанда бұл көліктің бағасы 34 миллион теңгеден басталады.
«Жаңа темір тұлпарым. Құттықтай берулеріңізге болады», — деп жазды Нұрбек.
Оралбайдың басты жетістіктері:
2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері
2023 жылы Ташкентте өткен Әлем чемпионатының алтын жүлдегері
2022 жылы Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері