Қазақ бапкері бастаған Финляндия құрамасы Астанаға келді

21.06.2025, 15:43

Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

Қазақ бапкері бастаған Финляндия құрамасы Астанаға келді
Видеодан кадр

30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді. Турнир қарсаңында шетелдік командалар елордаға келе бастады. Солардың қатарында  Финляндия құрамасы да бар.

Команданың бас бапкері - КСРО спорт шебері, қандасымыз Асқар Сәрсенбаев. Ол Финляндияның Тампере қаласындағы TVC клубының жаттықтырушысы әрі ұлттық құрамалар үйлестірушісі.

«Қазақстан боксы — әлемдік деңгейдегі эталон. Мұндай жарысқа қатысу біз үшін үлкен тәжірибе», — деді бапкер.

Әлем кубогына АҚШ, Канада, Франция, Әзербайжан, Швейцария, Германия, Словакия және Швеция командалары да қатыспақ. 17-29 маусым аралығында Астанада біріккен оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр.

Айта кетейік, турнирді World Boxing ұйымы ұйымдастырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам