Бокстан Астанада өтетін Әлем кубогына Өзбекстан қатыспайды

23.06.2025, 21:34

Астанадағы Әлем кубогы 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді

Бокстан Астанада өтетін Әлем кубогына Өзбекстан қатыспайды
Видеодан кадр

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов шәкірттері бұл күндері елордада Әлем кубогына дайындалып жатыр.

Астанаға додада бақ сынайтын бірқатар елдің өкілдері келіп те үлгерген. Алайда бұл сынға Өзбекстан құрамасы қатыспайтыны белгілі болды. 

Бас бапкердің сөзіне қарағанда, көрші елдің былғары қолғап шеберлері о бастан өтінім берген.

«Бастапқыда Өзбекстан құрамасы турнирге қатысуға өтінім берген еді, бірақ бір-екі аптадан кейін қатысудан бас тартты. Оның себебін білмейміз. Бәлкім тактикалық тұрғыда қабылданған шешім шығар. Дегенмен бұл дегеніміз жарыста бәсекелестік төмен болады деген сөз емес. Себебі бұл турнирге бірнеше әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегерлері, Азия чемпиондары қатысады. Бұл турнир жоғары деңгейде өтеді деп үміттенемін.

Айта кетейік, Астанадағы Әлем кубогы 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының алдын ала құрамы жарияланған болатын:

50 кг — Санжар Тәшкенбай

55 кг — Махмұд Сабырхан

60 кг — Серік Теміржанов

65 кг — Ертуған Зейнуллинов

70 кг — Абылайхан Жүсіпов

75 кг — Сабыржан Аққалықов

80 кг — Нұрбек Оралбай

85 кг — Бекзад Нұрдәулетов

90 кг — Сағындық Тоғамбай

90+ кг — Айбек Оралбай

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам