Олимпиадада Сәкен Бибосыновты финалсыз қалдырған боксшы оңбай ұтылды

Telegram WhatsApp

Ол мексикалық экс-чемпион Франсиско Родригеске есе жіберді

instagram/galalyafai
instagram/galalyafai

Англияның Бирмингем қаласындағы Resorts World Arena-да өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақта (50,8 кг дейін) WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы Галал Яфай (9-1, 7 KO) оңбай ұтылды. Ол мексикалық экс-чемпион Франсиско Родригеске (40-6-1, 27 KO) ұпай санымен есе жіберді.

Жекпе-жек барысында Яфай Родригестің стиліне бейімделуге тырысып, ашық айқасқа көшіп еді, алайда бұл стратегиясы нәтижелі болмады. Физикалық төзімділік сыналған айқаста Галал қарсыласына тосқауыл бола алған жоқ.

Жекпе-жек ортасына қарай Родригестің біртіндеп басымдықты өз қолына алғанын көрдік.

7-раундта Яфай нокаун алып қалды, бірақ төреші бұл сәтті есепке алмады. Соған қарамастан британиялық чемпионның қарқыны бәсеңдеп, қорғанысы сыр берді, тиісінше көп соққы жіберіп алды. 12-раундта Родригес Яфайды есінен тандыра жаздады. Нокаун тіркелмегенімен, жекпе-жек мексикалықтың пайдасына шешілді. Қорытынды есеп: 119-108, 119-108, 118-109. Жеңіс төрешілердің ортақ шешімімен Франсиско Родригеске берілді (UD 12).

Естеріңізде болса, Галал Яфай Токио олимпиадасының жартылай финалында қазақстандық Сәкен Бибосыновпен кездесіп, төрешілердің басым дауысымен жеңіске жеткен еді. Бибосынов қола жүлдегер атанса, Яфай чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 801 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 502 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›