Қазақ боксын Геннадий ағамыздай әлемдік деңгейге көтергім келеді – Санжар Тәшкенбай

Бүгін, 09:42

Боксшы кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екенін айтты

Қазақ боксын Геннадий ағамыздай әлемдік деңгейге көтергім келеді – Санжар Тәшкенбай
Коллаж 1bol.kz

2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай алдағы уақытта кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Странджа» кубогында қолымды жарақаттап алған едім. Қазір толық жазылып, қалпыма келдім. Шамамен екі айдай ем қабылдадым. Қазір бәрі жақсы. Осы жарысқа бір ай бойы тоқтаусыз дайындалдық. Елімізде өтетін әлем кубогіне психологиялық және физикалық тұрғыда толық дайынмын», — деді ол.

Сондай-ақ, Санжар болашақтағы мақсаттары туралы айтты.

«Олимпиадада топ жарып, чемпион атанғым келеді. Әзірге 50 келі салмақта жұдырықтасып жүрмін. Дегенмен алдағы уақытта кәсіпқой боксқа ауысу жоспарда бар. Қазақ боксын Геннадий ағамыз секілді әлемдік деңгейге көтергім келеді», — деді Тәшкенбай.

Айта кетейік, жуырда World Boxing ұйымы Олимпиаданың жаңа салмақ дәрежелерін бекітті. Алайда тізімнен 50 келі салмағы алынып тасталған. Бұл — Санжар Тәшкенбайдың қазіргі салмағы.

Боксшы 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада өтетін әлем кубогінде Қазақстан намысын қорғайды.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам