Назым Қызайбай бастаған боксшы қыздар әлем кубогына қатысады

25.06.2025, 18:12

Әлем кубогында ел намысын қорғайтын әйелдер құрамасы анықталды

Назым Қызайбай бастаған боксшы қыздар әлем кубогына қатысады
ҰОК

Астанада 30 маусым мен 6 шілде аралығында бокстан ерлер және әйелдер арасында әлем кубогы өтеді. Осы жарысқа қатысатын қыздар құрамасы анықталды.

Елдос Сайдалин жаттықтыратын әйелдер құрамасы жақын күндері елордаға ұшып келіп, жарыстың басталуына жақындағанда тікелей дайындықты жалғастырады.

Журналист Аян Төлегеннің хабарлауынша, егер жаттықтырушылар штабы соңғы сәтте өзгеріс енгізбесе, әлем кубогында ел намысын қорғайтын спортшылар құрамы анықталған.

Әлем кубогында ел намысын қорғайтын әйелдер құрамасы:

• 48 келі – Назым Қызайбай

• 50 келі – Алуа Балкибекова

• 54 келі – Әнел Сақыш

• 57 келі – Айдана Забынбекова

• 60 келі – Виктория Графеева

• 65 келі – Аида Әбікеева

• 70 келі – Наталья Богданова

• 75 келі – Надежда Рябец

• 80 келі – Гүлсая Ержан

• 80+ келі – Елдана Тәліпова

Айта кетейік, Сербияның Ниш қаласында өткен IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Команда үш алтын (Назым Қызайбай, Алуа Балкибекова, Аида Әбікеева), екі күміс (Виктория Графеева, Елдана Тәліпова) және бір қола (Наталья Богданова) медаль жеңіп алды.

Назым Қызайбай – Қазақстан тарихындағы әлемнің үш дүркін чемпионы атанған алғашқы және әзірге жалғыз спортшы (әйелдер мен ерлер арасында).

Әлем кубогы – Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында болады. Ашылу салтанаты 30 маусым 13:00-де, ақтық жекпе жектер 6 шілде 14:00-де өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам