
Ол 75 келіде өнер көрсетеді
30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада өтетін Әлем кубогының кезеңіне санаулы күндер қалды. Осы орайда ұлттық құраманың былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов Olympic.kz сайтына сұхбат берген болатын. Боксшы дайындық деңгейі және басты мақсаты жайлы айтып берді.
"Жаттығу жұмыстары жоғары деңгейде өтіп жатыр. Жиынға әлемнің түрлі елінен келген спортшылар қатысуда.
Негізгі мақсат - жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілу. Нағыз қазақстандық бокстың үлгісін көрсету. Содан кейін, алда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз.
Қарсыластар жайлы айтар болсам, 75 келіде бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Бұл салмақта Канада, Сербия боксшылары өте мықты. Әзірге 90 пайызға дайынмын деп айта аламын. Дегенмен, алдағы күндері техникалық және физикалық жағынан дайындықты күшейтіп, толыққанды спорттық бабыма келемін", - деп атап өтті боксшы.