Менен ең алдымен руымды сұрайды – Ресей атынан өнер көрсететін қазақ қызы

Telegram WhatsApp

Салтанат қазақстандық боксшылармен қарым-қатынасы жайлы да айтты.

Фото: gettyimages
Фото: gettyimages

Бокстан әлем чемпионы атанған Ресейдің қазағы Салтанат Меденова оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін Алматыға келді. Осы орайда ол «Спор министрі» телеграм-арнасына сұхбат беріп, өзінің руына, болашақ жоспарына қатысты сауалдарға жауап берді. 
 

«Қазақстанға бұған дейін де бірнеше рет келгенмін. Мамыр айында ғана достарыммен бірге Астанаға демалуға келіп кеткенбіз. Алматыға да анаммен демалуға келгенбіз. Алматының, жалпы Қазақстанның табиғаты ерекше ұнайды. Оқу-жаттығу жиындарына келген қыздар Медеуге ғана барып үлгеріпті. Бірақ соның өзінде ерекше әсермен оралды. «Жоғарыға көтерілгенде өзімізді қыран бүркіттей сезіндік» деп жатыр. Өкінішке қарай, олармен бірге бара алмадым»

деді боксшы қыз

Салтанат қазақстандық боксшылармен қарым-қатынасы жайлы да айтты.

«Қыздармен араласып тұрамыз. Олар жылы қарсы алады. Тек арасында сөздерін түсінбей қалатын кездерім бар. Әдетте менен бірінші кезекте руымды сұрайды. Қазақстандықтар да жекеме жазып сұрайды. Орта жүздің ішінде Қыпшақпын»

дейді ол

Сонымен қатар ол үйінде әжесі ғана қазақша сөйлейтінін алға тартты. 

«Негізінен әжем ғана қазақша сөйлейді. Ата-анам Омбы қаласында тұрады. Ал біз жартылай қазақша, жартылай орысша сөйлесеміз. Себебі оқу орындарында да, жаттығуда да тек орыс тілінде қарым-қатынас жасаймыз»

деп қосты былғары қолғап шебері

Меденова санкцияларға қарамастан азаматтығын ауыстырғысы келмейтінін жеткізді.


«Әзірге шектеулер көп, соған қарамастан жарыстарға қатысып жүрміз. Өзге елдерден де ұсыныстар бар. Қазақстаннан да шақырту түсті. Бірақ ондай нұсқаларды қарастырып жатқан жоқпын, себебі маған бар білгенін үйретіп, қалыптасуыма әсер еткен бапкерімді ренжіткім келмейді»

деп қорытындылады ол

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 850 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 282 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 521 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 281 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 288 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 830 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 330 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 306 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 483
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›