Екінші нөмірлі спортшымын - Төрехан Сабырхан

Бүгін, 10:17

Ол елордада өтетін Әлем кубогына қатыспайды

Екінші нөмірлі спортшымын - Төрехан Сабырхан
ҰОК

30 маусымда елордада бокстан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады. Соған байланысты ұлттық құраманың жас спортшыларының бірі Төрехан Сабырхан Olympic.kz сайтына берген сұхбатында не үшін жарысқа қатыспайтынын айтып, алдағы жоспарымен бөлісті. 

"Дайындық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Оқу-жаттығу жиыны басталған сәттен-ақ АҚШ құрамасының спортшылары келіп, бірлесіп жаттығудамыз. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, пайдалы дүниелерді үйреніп жатырмыз.

Қазір өзімнің салмағымды 67-ден 70 келіге көтеріп, жаңа салмаққа бейімделу үстіндемін. Алда U22 Азия чемпионаты өтеді, сол додаға қатысуға мүмкіндік туып қалуы мүмкін.

Алдағы жарысқа мен қатыспаймын. Бұл жолы 70 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан ағамыз бақ сынайды. Абылайхан ағаның бұл салмақтағы тәжірибесі мол. Сондықтан бапкерлер штабы дәл осы жарысқа оны шығаруды жөн деп тапты. Әрине, бапкердің шешімі - біз үшін заң. Әзірге мен осы салмақ дәрежесінде екінші нөмірлі спортшымын", - деп бөлісті спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам