ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Жәнібек Әлімханұлы мен Канело жекпе-жегі шындыққа айналуы мүмкін

02.07.2025, 14:34

Альвареске жаңа ұсыныс айтылды

Жәнібек Әлімханұлы мен Канело жекпе-жегі шындыққа айналуы мүмкін
©TopRank/DAZN

Америкалық Boxing247.com порталы Сауль «Канело» Альвареске Эдгар Берланга – Хамза Шираз жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуден бас тартып, басқа қарсыластарды қарастыруды ұсынды. Солардың қатарында жеңілмеген қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы да бар.

«Жанкүйерлер үшін Берланганың “Канелоға” екінші мүмкіндік алуы үлкен көңілсіздік болар еді. Ол бар болғаны екі боксшыны жеңіп, реваншқа лайық емес. Ал Шираздың соңғы кездесуіндегі (Карлос Адамеске қарсы) даулы жеңісінен кейін ол да жақсы таңдау емес. Жаңа қан керек. Міне, Канеломен кездесуге лайық боксшылар: Кристиан Мбилли, Ослейс Иглесиас, Лестер Мартинес, Жәнібек Әлімханұлы, Йоенли Эрнандес», – деп жазады басылым.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Ол соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені 2-раундта нокаутқа жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 34
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам