ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

02.07.2025, 15:27

Ол өзбекстандық Фарзона Фозилованы жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты
ҰОК

Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына өтті.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта Фарзона Фозиловамен (Өзбекстан) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Назым Қызайбай жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері Әлем кубогы кезеңінің финалына шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, бір күн бұрын Надежда Рябец (75 келіге дейін) 1/2 финалға шыққан еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам