ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Әлем кубогі: Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

02.07.2025, 17:37

Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзат Нұрдәулетов 1/2 финалға өтті

Әлем кубогі: Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті
Коллаж 1bol.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Бекзат Нұрдәулетов елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына өтті.

Отандасымыз 85 келіге дейінгі салмақта Аустралия елінің өкілі Лахлан Лоусенмен өзара мықтыны анықтады.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзат Нұрдәулетов 1/2 финалға өтті. Осылайша, қазақстандық боксшы кем дегенде Әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті. 

Санжар Тәшкенбай жарыс жолын ширек финалдан бастады. Ол бұл кезеңде жапониялық Шодай Котоға қарсы айқасты. Ол жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз кем дегенде Әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам