ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

02.07.2025, 15:50

Қазақстандық боксшы шешуші раундта жеңісті жұлып алды

Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді
ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогы аясында алғашқы кездесуін өткізді.

Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Дженифер Лозаномен (АҚШ) жұдырықтасты. Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, қазақстандық боксшы шешуші раундта жеңісті жұлып алды.

Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам