Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қазақстан боксшылары Венгрядағы халықаралық турнирді сәтті бастады

17.01.2024, 20:31

Олардың арасында ұлттық құраманың боксшылары да бар

Қазақстан боксшылары Венгрядағы халықаралық турнирді сәтті бастады
olympic.kz

Венгрияның Дебрецен қаласында 15-21 қаңтар аралығында өтетін бокстан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турниріне Қазақстан боксшылары қатысып жатыр. Аталған сынға ұлттық құраманың 14 боксшысы аттанған болатын.

Жарыстың алғашқы күнінде төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, оның үшеуі келесі айналымға өтті. Оның ішінде 60 келідегі Бейбарыс Жексен моңғолиялық қарсыласын, 63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов пен 71 келідегі Сабыржан Аққалықов Венгрия боксшыларынан басым түсіп, келесі айналымға шықты. Ал 75 келіде Диас Молжігітов жергілікті боксшыға.

Енді шаршы алаңға Асхат Жүсіпов (48 кг), Данияр Сәбит (51 кг), Кенже Мұратұлы (54 кг), Самат Жетібаев (54 кг), Асылжан Серікбай (57 кг), Рахат Сейітжан (67 кг), Ерасыл (80 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг), Данияр Рахымбердиев (92 кг) және Дамир Тойбай (+92 кг) сынға түседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам