Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Мен кез келген чемпионды ұрып құлатам – Жәнібек Әлімханұлы жоспарымен бөлісті

16.10.2023, 23:21

Ол орта салмақта абсолютті чемпион болуды көздеп отыр

Мен кез келген чемпионды ұрып құлатам – Жәнібек Әлімханұлы жоспарымен бөлісті
Instagram/janibek_alimkhanuly

Күні кеше кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы жоспарымен бөлісті. Келесі жекпе-жегін ол осы қыста өткізбекші деп хабарлайды 1bol.kz.

«Әлем чемпиондарын ұтуды бастадық. Жарқын жеңіс болды. Келесі кезекте WBC және WBA титулдары. Ол күн де алыс емес», - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

Боксшы бұл тек жеңісті жолдың бастамасы екенін айтып отыр. Төрт бірдей белбеуді қанжығасына байлап, абсолютті чемпион атануды көздеген Жәнібек кез келген чемпионды ұрып құлатуға дайын екенін де айтты.

«Қазақтың мәртебесін көтеріп, рухын асқақтату, көк туын желбірету жолындағы жорығымыз енді басталды», - деді Ж.Әлімханұлы.

Еске салайық, жексенбі таңда жерлесіміз неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам