ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Мэнни Пакьяоның жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

20.07.2025, 10:59

Пакьяоның бұл жолғы қарсыласы – америкалық Марио Барриос

Мэнни Пакьяоның жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды
Тheguardian.com / John Locher/AP

Аты аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (62-8-3, 39 КО) жартылай орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді.

Пакьяоның бұл жолғы қарсыласы – америкалық Марио Барриос (29-2-2, 18 КО). Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында өтіп, он екі раундқа жоспарланды.

Ал айқас тағдырын төрешілер шешті: екеуі тең есеп тіркесе (114:114), біреуі 115:113 есебімен жеңісті Барриосқа берді. Осылайша, көпшіліктің шешімі бойынша кездесу тең аяқталып, 46 жастағы Пакьяо WBC чемпиондық белдігін иелене алмады.

Айта кетейік, бұл Мэнни Пакьяоның 2021 жылдан бергі алғашқы ресми жекпе-жегі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам