ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Бибосынов кәсіпқой рингтегі дебютін нокаутпен бастады

20.07.2025, 17:01

Ол әуесқой бокста әлем чемпионы атанып, Олимпиада жүлдегері болған

Бибосынов кәсіпқой рингтегі дебютін нокаутпен бастады
ҚБФ

Бокс жанкүйерлері 20 шілде күні Бішкекте өткен кәсіпқой бокс кешінде еліміздің мақтанышы Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой рингтегі дебютін тамашалады. Олимпиада ойындарының жүлдегері бұл жекпе-жекте қарсыласын алғашқы раундта-ақ сұлатып түсірді.

Сәкеннің қарсыласы 23 жастағы филиппиндік боксшы Кристиан Легане (6-1-3, 4 KO) еді. Екі боксшы да жекпе-жек алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өткен: Бибосыновтың салмағы 51,9 келі болса, Легане 51,7 келіні көрсетті. 

Жекпе-жек 52,1 келі салмақ дәрежесінде алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда, Сәкен қарсыласын нокаутқа жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов әуесқой бокста да біраз белесті бағындырған: 2021 жылы Белградта әлем чемпионы атанып, Токио Олимпиадасында қола жүлдеге иелік етті. Сонымен қатар, Азия чемпионаттарында қола (2021) және күміс (2022) медальдар иеленген.

Бұл кеште Бибосыновтың байырғы қарсыласы өзбекстандық Хасанбой Дусматов та шаршы алаңға шықты және жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам