
Боксшы қыркүйекте маңызды айқас өткізуді жоспарлап отыр
Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері, қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісінен кейін дайындық кезеңі мен жекпе-жекке қатысты ойын айтты.
«Дайындық лагерінде ұзақ уақыт болдым. Себебі былтыр иығымды жарақаттап алғанмын. Қазір жарақат толықтай жазылып, бабыма келдім. Дайындық барысында сынақ ретінде Питтсбургте бір жекпе-жек өткіздім. Жарақаттан кейін қаншалықты қалпыма келгенімді көргім келді. Бәрі жақсы өтті, еш қиындық болған жоқ», - деді Дычко.
Оның айтуынша, енді сәл тынығып, командасымен бірге келесі кезеңге дайындықты бастайды. Қыркүйек айында маңызды айқас өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Иван Дычко АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Вашингтон қаласында кездесу өткізді. Бастапқыда оның қарсыласы жергілікті боксшы Скайлар Лейси болуы тиіс еді, алайда соңғы сәтте оны америкалық Самуэль Кроссед алмастырды.
Кездесу сегіз раундқа есептелген еді, алайда Дычко қарсыласын бірінші нокаутқа түсірді.