ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

WBO Дмитрий Биволға қатысты шешім шығарды

22.07.2025, 00:04

34 жастағы Дмитрий Бивол кәсіби мансабында 24 жеңіске жеткен

WBO Дмитрий Биволға қатысты шешім шығарды
REUTERS/Hamad I Mohammed

Ресейлік боксшы Дмитрий Биволға жерлесі Артур Бетербиевпен өтетін үшінші жекпе-жекке дейін WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғау міндеттелмейді.

Дүйсенбі күні WBO ресми түрде жартылай ауыр салмақтағы британиялық Каллум Смитті уақытша чемпиондық белбеуін кубалық Давид Моррельге қарсы жекпе-жекте қорғауды міндеттеді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қазан айында Артур Бетербиев Биволды төрешілер шешімімен жеңіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған болатын. Ал 2025 жылдың ақпанында өткен қарымта кездесуде Бивол төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетіп, реванш жасады. Осыдан соң Бивол америкалық Давид Бенавидеспен жекпе-жек өткізудің орнына Бетербиевпен үшінші кездесуді таңдап, WBC белбеуінен бас тартуға мәжбүр болды.

Ресейлік екі боксшы арасындағы үшінші жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орны әзірге белгісіз.

34 жастағы Дмитрий Бивол кәсіби мансабында 24 жеңіске жетіп (оның 12-сі нокаутпен), бір рет жеңілген. Ал 40 жастағы Артур Бетербиев 21 жекпе-жекте жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен аяқтап, бір ғана жеңіліс тапқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам