
Әйелдер құрамасының белді өкілі Бибосыновтың көп қиындықтан өткенін айтты
Бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова ұлттық құрамадан қай боксшылар ұнайтынын айтты.
Әйелдер құрамасының белді өкілі Sport+ YouTube арнасына берген сұхбатында Сәкен Бибосыновты ерекше сыйлатынын алға тартты.
«Сәкен Бибосынов өте жақсы жігіт. Қаншама қиындықтан өтіп жатыр, соған қарамастан сынып қалмай, төзіп келеді. Ешқандай эмоцияға берілмей, өз жолымен ғана келе жатыр. Ерекше құрметтеймін», - деді Балқыбекова.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов 20 шілде күні кәсіпқой бокстағы дебютін өткізді. Ол Бішкекте 23 жастағы филиппиндік боксшы Кристиан Леганені (6-1-3, 4 KO) жеңді. Жекпе-жек 52,1 келі салмақ дәрежесінде алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда, Сәкен қарсыласын нокаутқа жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.