Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Әлімханұлының атағына міндетті үміткер анықталды: өтетін орны мен күні белгілі

29.07.2025, 08:37

Қазіргі таңда бұл белбеу қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) тиесілі.

Әлімханұлының атағына міндетті үміткер анықталды: өтетін орны мен күні белгілі
ФОТО: Getty images

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) британиялық Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) мен венесуэлалық Эндри Сааведра (17-1-1, 14 КО) арасындағы іріктеу жекпе-жегін өткізу туралы келісімді ресми түрде растады. Бұл туралы Boxing News басылымы хабарлады.

Аталған айқас Ұлыбританияда өтеді. Жеңімпаз орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атанады. Қазіргі таңда бұл белбеу қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) тиесілі.

WBO президенті Густаво Оливьери X әлеуметтік желісінде:

«WBO, орта салмақ – Бентли мен Сааведра арасындағы іріктеу жекпе-жегі. Тараптар WBO чемпионаттар комитетінің шешімі аясында келісімге келді. Жекпе-жекті Queensberry промоутерлік компаниясы ұйымдастырады, ол қазан айында өтеді. Қосымша мәлімет алдағы уақытта жарияланады», – деп мәлімдеді.

29 жастағы Бентли үшін бұл – әлем чемпионы атағына қайта таласуға үлкен мүмкіндік. Ол 2022 жылдың қарашасында Жәнібекпен жұдырықтасып, тартысты жекпе-жекте ұпай санымен жеңілген еді. Содан бері қазақстандық боксшы WBO белбеуіне қоса IBF нұсқасы бойынша да чемпион атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам