Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Балауса Мұздыман әлемдік бокс жұлдыздарымен кездесті

28.07.2025, 16:52

Балауса шілде айының басында командасымен бірге мұхит асқан

Балауса Мұздыман әлемдік бокс жұлдыздарымен кездесті
instagram.com/muzdi___

Қазақстандық былғары қолғап шебері Балауса Мұздыман АҚШ-та әлемдік бокс жұлдыздарымен түскен суреттерін жариялады.

Мұздыман Нью-Йорктегі іс-шараға қатысып, сонда карьерасын аяқтаған, әлі де шаршы алаңда өнер көрсетіп жүрген боксшылармен кездескен. Олардың арасында орта және жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен абсолютті әлем чемпионы Бернард Хопкинс, екінші орта, жартылай ауыр салмақтарда чемпион атанған Дэвид Бенавидес, британиялық боксшы Хамза Шираз, кубалық Дэвид Моррель, әйелдер арасында аса жеңіл және жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық Синьеса Эстрада секілді боксшылар бар.

Естеріңізде болса, Балауса шілде айының басында командасымен бірге мұхит асқан. Қазіргі таңда Қазақстанның ең көрікті боксшыларының бірі Нью-Йорк қаласында жүр. Суреттерге қарағанда, бұл сапар туристік мақсатты көздеп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби қызығушылықпен де байланысты секілді.

Бұған дейін Мұздыман АҚШ-та біраз уақыт өмір сүріп, өзінің бокс мансабына қатысты бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап жүргенін айтқан еді. Олардың қатарында жаттығулар, спаррингтер және жергілікті боксшылармен тәжірибе алмасу бар.

Айта кетейік, Балаусаның соңғы жекпе-жегі 7 маусымда Алматы қаласында өтті. Ол рингте Мысыр елінің өкілі Айя Рамаданмен кездесіп, кездесуді бірінші раундта нокаутпен мерзімінен бұрын аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам