Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Қолымды былғағым келмеді». Екі бірдей спортшы израильдік дзюдошымен күресуден бас тартты

29.07.2025, 11:17

Алжир Израиль мемлекетін ресми түрде мойындамайды

«Қолымды былғағым келмеді». Екі бірдей спортшы израильдік дзюдошымен күресуден бас тартты
әлеуметтік желі

Мемлекеттер арасындағы жанжал спорт саласына да әсер етпей қоймайды. Мәселен, 2021 жылғы Олимпиадада Израиль өкілімен татамиде жолыққысы келмеген екі дзюдошы жарыстан бас тартты.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Алжир спортшысы Фетхи Нурин жеребе қорытындысы бойынша екінші айналымда израильдік Тохар Бутбулмен кездесуі мүмкін екенін білген соң, жарыс басталмай жатып-ақ Олимпиада ойындарынан бас тартты. Ол бұл шешімін: «Қолымды былғағым келмейді» деп түсіндірді.

«Біз бұл Олимпиадаға жолдама алу үшін көп еңбек еттік, бірақ мен үшін палестиналықтардың тағдыры бәрінен маңызды. Палестинаға қатысты ұстанымым өзгермейді. Егер бұл жайт мені Олимпиадаға қатысу мүмкіндігінен айыратын болса, бұған Құдайдың өз жауабы бар», – деді Нурин жергілікті БАҚ-қа.

Нуриннің командасы да бұл шешімді толық қолдады. Себебі Фетхи бұған дейін 2019 жылы да осылай жасаған болатын. Айта кетсек, Алжир Израиль мемлекетін ресми түрде мойындамайды және бұл саяси ұстанымды елдің спорттық қауымдастығы да қолдайды.

«Бізге жеребе жолдас болған жоқ. Қарсылас ретінде Израиль спортшысы түсті, сондықтан жарыстан бас тарттық. Бұл – дұрыс шешім», – деп келтіреді The Times of Israel Нуриннің бапкері Амар Бен Яклифтің сөзін.

Бұл әрекет Халықаралық олимпиада комитеті мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) наразылығын туғызды. Нуриннің алғашқы қарсыласы, судандық Мохамед Абдалрасул да дәл сол Бутбулмен татамиге шығудан бас тартқар соң жағдай тіпті ушықты.

Алайда бұл шешім екі спортшыға да оңай соққан жоқ. Нәтижесінде Алжир мен Судан өкілдері IJF туы астында өтетін турнирлерге қатысу құқығынан айырылып, жарыстардан шеттетілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам