Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Абылайхан Жүсіпов: Төреханнан басқа да талантты боксшылар көп

29.07.2025, 18:15

Бірақ құрамада Төреханнан басқа да жас әрі талантты боксшылар өте көп.

Абылайхан Жүсіпов: Төреханнан басқа да талантты боксшылар көп
Коллаж 1bol.kz

Бокстан еліміздің ерлер құрамасында 70 келі салмақта қазіргі таңда бәсекелестік қыза түсті. Әсіресе, Астанада өткен Әлем кубогінде Абылайхан Жүсіповтің алғашқы айналымда жарыстан шығып қалуы жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырды. Осы жайттан кейін жанкүйердің біразы әлеуметтік желі де бұл салмақта енді «Төрехан Сабырханға сенім арту қажет» деген айта бастады.

Аталған сындарға қатысты ұлттық құраманың тәжірибелі боксшысы Абылайхан Жүсіпов өз ойын айтты.

«Қазіргі таңда бәрі Төрехан Сабырханды айтып жүр. Бірақ құрамада Төреханнан басқа да жас әрі талантты боксшылар өте көп. Мысалы, Нұрбек Мұрсал, Фарух Тохтасынов секілді мықтылар бар», – деді спортшы.

Айта кетейік, Астанадағы Әлем кубогінде Абылайхан бірінші жекпе-жегінде қабағындағы жарақты сыр беруіне байланысты жарысты жалғастыра алмады. Осы жағдайдан кейін оның құрамадағы орнын Төрехан Сабырхан алмастыруы мүмкін деген болжамдар тарады. Ал осы жайттан кейін  бас бапкер Қайрат Сәтжанов журналистерге берген сұхбатында Ливерпульдағы әлем чемпионатына Төрехан Сабырхан баратынын айтқан. Дегенмен ресми соңғы тізім әлі шыққан жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам