
Канело Instagram-да қызы Ева Викторияның алғашқы суретін бөлісті
Мексикалық даңқты боксшы Сауль «Канело» Альварес және оның әйелі, танымал инфлюенсер Фернанда Гомес екінші қызы Ева Викторияның дүниеге келгенін қуанышпен хабарлады.
Канело Instagram парақшасында қызы Ева Викторияның алғашқы суретін бөлісіп, жазбада «Llegó mi EVA» деп жазды. Бұл испан тілінде «Менің Евам келді» деген мағынаны береді.
Сондай-ақ спортшы сүйіктісіне алғыс айтып, «Сен өте батылсың және супер мықтысың, менің сүйіктім @fernandagmtz, EVA VICTORIA, қош келдің!», деп жазды.
Осылайша Канело мен Фернанда Гомес екі қыздың ата-анасы атанды.